ХАБАРЛАНДЫРУ
Мекеме: Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білімбасқармасының Орал қаласы білім беру бөлімінің №38 «Жазира» бөбекжайы МКҚК
Орналасқан жері: Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Асан қайғы 8
Байланыс мәліметтері: электрондық адресі: 38zhazira@mail.ru сайт сілтемесі: https://zhazira.bilim-oral.gov.kz/
телефон: +7 (7112) 52 86 18
№38 «Жазира» бөбекжайы мемлекеттіккоммуналдық қазыналық кәсіпорнының әкімшілігі ваканттық бос орындарға конкурс жариялайды:
1.Тәрбиеші: 1 орын \декреттікдемалыстағы негізгі қызметкердің орнына\;1 бірлік;
Лауазымдық міндеттері
Оқытылатын тілдің ерекшелігін ескере отырып, балаларды оқытуды жоспарлайды және ұйымдастырады;
қазақ тілін меңгеру үшін жағдай жасауды қамтамасыз ететін балалармен ұйымдастырылған іс- әрекетін жүргізеді;
мектеп жасына дейінгі балалардың тілдік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, олардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға ықпал етеді;
оқытудың түрлі формаларын, әдістерін, тәсілдері мен құралдарын сауатты қолданады, инновациялық технологияларды меңгерген;
жоспарлауға ғылыми-әдістемелік тәсілді жүзеге асырады, дамытушы оқытуға орната отырып, сабақтарға бағдарламалық материалды пысықтайды және түзете алады;
бағдарламаларды, оқу-әдістемелік кешендерді әзірлейді;
әдістемелік бірлестіктердің қызметіне, білім беру ұйымдарында балаларға арналған іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге белсенді қатысады, кәсіби құзыреттілікті арттырады;
тәрбиеленушілердің ата-аналарымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
ұйымдастырылған іс- әрекет кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауға жауап береді.
Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдары және Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілері;
педагогикалық этиканың нормалары;
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты;
педагогика және психология негіздері, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;
балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау жөніндегі нұсқаулық талаптар; еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар;
дәрігерге дейінгі медициналық көмек негіздері.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 02.05.2025ж. – 14.05.2025ж.
Қажетті құжаттар тізбесі:
1.Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2.Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3.Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4.Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері
5.Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6.“Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығыменбекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген)
7.Психоневрологиялық ұйымнан анықтама
8.Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9.Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты(бұдан әрі – ҰБТ)(жаңадан ЖОО ны бітірген жас мамандар үшін) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
10.11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
11.Тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін – өзі таныстыру) ұзақтығы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 х480.
Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
Көрсетілген құжаттар тізбесіндегі біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.
5 жұмыс күн ішінде конкурстық комиссия сағат 9.00 -ден 18.00- ге дейін өткізіледі. («№38 «Жазира» бөбекжайы МКҚК -да адрес: Орал қаласы, Асан қайғы 8)